https://sputnik.kz/20250128/ukimettin-keneytilgen-otyrysy-bastaldy-50345557.html
Жаһандық үдерістер еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізеді - Тоқаев
Жаһандық үдерістер еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізеді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T11:07+0500
2025-01-28T11:07+0500
2025-01-28T11:08+0500
үкімет
үкімет отырысы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50345829_0:9:1280:730_1920x0_80_0_0_5027c2c16ec6069fe6570987ab430169.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.Отырыста еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері белгіленеді.Былтырғы жұмыстың қорытындысын премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндайды деп жоспарланған.Президенттің айтуынша, үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екені алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланады.Күн тәртібіне сәйкес, жиында премьер-министр Олжас Бектенов, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50345829_156:0:1129:730_1920x0_80_0_0_2016e680ac79869e805182e7c25409cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, үкімет отырысы
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Отырыста еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері белгіленеді.
Былтырғы жұмыстың қорытындысын премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндайды деп жоспарланған.
"Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екені алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланады.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында премьер-министр Олжас Бектенов, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды.