Үкімет басы артық бюрократиядан арылуы керек - президент

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПодписание документа
Подписание документа - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отырғанын ашық айтты
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан мемлекет басшысы үкімет пен басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
"Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жақсы үрдісті біржола орнықтырып, сақтап қалу керек", деді Тоқаев экономиканы әртараптандыру туралы айтқанда.
Президенттің пікірінше, тағы бір аса маңызды мәселе – экономикаға инвестиция тарту болып отыр.
"БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Дегенмен тоқмейілсуге негіз жоқ. Инвесторлардың мәселесін шұғыл шешу үшін Инвестиция штабы құрылды. Соның арқасында бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қарама-қайшылықтар жойылып, кейбір жобаларды тезірек жүзеге асыруға жол ашылды. Алайда басты мақсат – "жекелеген" проблемаларды ғана шешпей, елдегі тұтас инвестициялық ахуалды жақсарту. Инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында ведомствоаралық үйлестіруге әлі де көп уақыт кетеді. Үкімет басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеуі керек", - деді президент.
Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отырғанын ашық айтты.
Жаңалықтар
0