Тоқаев Шымкентте заңсыз салынған үйлерді бұзуға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневНа месте строительства ЖК "Дублин"
На месте строительства ЖК Дублин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Шымкентте жер телімдеріне қатысты өткір мәселе шешілмей тұр
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте заңсыз салынған үйлерді бұзуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент әкімі баяндама жасады. Оның сөзінен кейін президент қалада заңсыз үйлерді бұзуға қатысты өз ойын айтты.
“Шымкентте жер телімдеріне қатысты өткір мәселе шешілмей тұр. Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырады. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі әкімдіктің заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр”,-деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0