https://sputnik.kz/20250128/sot-uyymdasqan-qylmystyq-top-zhetekshisi-qospaevqa-ukim-shygardy-50366994.html
Сот ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Қоспаевқа үкім шығарды
Сот ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Қоспаевқа үкім шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Астанада Елдос Сәтбаев бастаған рэкеттер тобының қылмыстық ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Бұл туралы Астана қалалық сотының... 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T19:13+0500
2025-01-28T19:13+0500
2025-01-28T19:13+0500
қылмыстық топ
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Астанада Елдос Сәтбаев бастаған рэкеттер тобының қылмыстық ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Елдос Қоспаев мүлкі тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Басқа топ мүшелері бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне 2022 жылдың шілде айында Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті тосқауыл қойған. Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері қоқан-лоққы, бопсалау және азаптау арқылы белгілі қазақстандық кәсіпкерлерді өз мүлкін басқа адамдарға беруге мәжбүрлеген. Банда келтірген шығынның алдын ала сомасы 18 миллиард теңгеден (34 миллион доллар) асады. Кейін бұл топтың 11 адамнан тұратыны анықталды. Бесеуі қамауға алынды, тағы алтауы, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды. 2023 жылдың қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды деп хабарлады. 2024 жылдың мамыр айында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 508 томнан тұратын қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын хабарлады. Тергеу барысында 9 миллион доллар қолма-қол ақша, алтын бренд бұйымдар, 154 жылжымайтын мүлік, премиум тобына жататын 19 көлік тәркіленді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылы “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының серверлерінде орналасқан деректердің бастапқы кодына түзетулер енгізу арқылы Елдос Қоспаевтың мүлкін жалған деректер арқылы сату әрекеті жасалған.
https://sputnik.kz/20230908/reyderlikpen-aynalysqan-qospaev-pen-onyn-sybaylastary-tergelip-zhatyr---video-38298279.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, сот
Сот ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Қоспаевқа үкім шығарды
АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Астанада Елдос Сәтбаев бастаған рэкеттер тобының қылмыстық ісі бойынша соңғы сот отырысы өтті. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Елдос Қоспаев мүлкі тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Басқа топ мүшелері бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне 2022 жылдың шілде айында Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаменті тосқауыл қойған. Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері қоқан-лоққы, бопсалау және азаптау арқылы белгілі қазақстандық кәсіпкерлерді өз мүлкін басқа адамдарға беруге мәжбүрлеген.
Банда келтірген шығынның алдын ала сомасы 18 миллиард теңгеден (34 миллион доллар) асады. Кейін бұл топтың 11 адамнан тұратыны анықталды. Бесеуі қамауға алынды, тағы алтауы, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды. 2023 жылдың қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды деп хабарлады. 2024 жылдың мамыр айында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 508 томнан тұратын қылмыстық істі тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Тергеу барысында 9 миллион доллар қолма-қол ақша, алтын бренд бұйымдар, 154 жылжымайтын мүлік, премиум тобына жататын 19 көлік тәркіленді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылы “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының серверлерінде орналасқан деректердің бастапқы кодына түзетулер енгізу арқылы Елдос Қоспаевтың мүлкін жалған деректер арқылы сату әрекеті жасалған.