Қазақстанда жанар-жағар май бағасы қашан қымбаттайды

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Жанар-жағармай мен сұйытылған газдың (автогаз) бағасы туралы Үкіметте біржақты шешім қабылданды. Бағалар кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Тауардың бұл түрі бірден қымбаттамайды. Жанар-жағар май бойынша ақпан айынан бастап, ал сұйытылған газ бойынша жақын арада біртіндеп баға көтеріледі", – деді Сәтқалиев.
Тауарлы газдың бағасы осы жаздан көтеріледі.
"Бағаны көтерудің алғашқы кезеңі өткен жылы болды: диапазонды 54 теңгеден 85 теңгеге дейін арттырдық. Қазір аймаққа байланысты 59 теңгеден 90 теңгеге дейінгі диапазон. Яғни, біз жоғарғы шекті диапазонды шамамен 64-тен 98 теңгеге дейінгі деңгейде белгілейміз. Осы шектерде аймаққа байланысты баға көтеріледі. Бұл ретте Үкімет әлеуметтік маңызы бар өнім түрлеріне бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін барлық қажетті әкімшілік шараларды қабылдайды", –деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов "баға реттеудің" басталғанын мәлімдеді.
"Үкімет ЖЖМ және газ бағаларын, сондай-ақ ТКШ және темір жол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңімен нарықтандыруды бастады", - деді Олжас Бектенов өз баяндамасында.
Оның айтуынша, нарықтық бағаға бірқалыпты көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және ЖЖМ тапшылығы тәуекелдерінен арылуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0