https://sputnik.kz/20250128/qazaqstanda-29-iri-zauyt-salyndy--premer-50346964.html
Қазақстанда 29 ірі зауыт салынды
Қазақстанда 29 ірі зауыт салынды
Sputnik Қазақстан
2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T11:37+0500
2025-01-28T11:37+0500
2025-01-28T11:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48283499_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_473ec2652c5448d16e830f0a6fed5f77.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік пен өңдеу өнеркәсібі жақсы өсті.Премьердің айтуынша, елімізде 29 ірі зауыт салынды. Соның ішінде вольфрам, бағалы металдар, катодтық мыс, көлік шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өндірістер бар.Айта кетері, отырыс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.Ақорданың хабарлауынша, отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48283499_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_e3472dec3cd3fc9c0aab97ad20e97e2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстанда 29 ірі зауыт салынды
11:37 28.01.2025 (жаңартылды: 11:57 28.01.2025) 2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік пен өңдеу өнеркәсібі жақсы өсті.
"Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2,4 млн тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл, көбінесе, еліміздің ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды", - деді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Премьердің айтуынша, елімізде 29 ірі зауыт салынды. Соның ішінде вольфрам, бағалы металдар, катодтық мыс, көлік шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өндірістер бар.
Айта кетері, отырыс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.
Ақорданың хабарлауынша, отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.