Мүгедек жандардың құқығын қорғамаған мекемелерге 230 млн теңге айыппұл салынды

CC0 / Free-Photos / Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото
Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Былтыр Қазақстанның барлық өңірінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 695 тексеру жүргізді
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Былтыр халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 2,6 мыңнан астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Былтыр Қазақстанның барлық өңірінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 695 тексеру жүргізді, оның 741-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 751-і жоспардан тыс, 1 203-і прокуратураның талабы бойынша.
"Тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1087 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 230,3 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 973 әкімшілік жаза қолданылды", ,- дейді ведомство.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді
Жаңалықтар
0