"Кезінде көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді": президент банктерге үндеу жасады

© Photo : АкордаРасширенное заседание правительства под председательством Токаева
Расширенное заседание правительства под председательством Токаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Жазылу
Тоқаев екінші деңгейлі банктердің қызметін сынап, елге көмек көрсететін уақыт келгенін айтты
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін еске салды.
"Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген. Бірақ мемлекеттің иелігіндегі қаржыны қайтаруға асықпайды. Тіпті, оны жоғары пайызбен тәуекелі аз мемлекеттік қаржы құралдарына салып, кепілді табыс тауып отыр. Үкімет пен Ұлттық банкке шара қабылдауды тапсырамын",- деді Тоқаев.
Осы орайда президент банктер үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес екенін ерекше атап өтті.
"Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі кезде маңызды жобаларды қаржыландыру қажет. Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын үкіметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмысына тартуға болады. Ал мемлекет бөлетін қаражатты кезең-кезеңімен несие мөлшерлемесін субсидиялауға қарай бағыттау керек. Осы шаралар банктердің ақшасын экономикалық айналымға қосуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0