https://sputnik.kz/20250128/elimizde-zhana-temirzhol-salynady-50356169.html
Елімізде жаңа теміржол салынады
Елімізде жаңа теміржол салынады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев жаңа теміржолды салуды тапсырды 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T13:38+0500
2025-01-28T13:38+0500
2025-01-28T13:38+0500
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39525777_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_895745c672ffba879fc3574c23319000.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа теміржолдың құрылысын бастауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президенттің айтуынша, жүк тасымалына қатысты артықшылықты толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет.Бұдан бөлек, "Алтынкөл – Жетіген" темір жолын да кеңейту қажет. Ол Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір арттырады."Мультимодальды көлік тораптарын дамытуға баса мән берген жөн. Сол арқылы тасымалдың барлық түрін өзара кіріктіруге мүмкіндік туады. Биыл және келесі жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуға тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39525777_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_be46b73185d797468a2fac6738e47307.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол
Елімізде жаңа теміржол салынады
Тоқаев жаңа теміржолды салуды тапсырды
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа теміржолдың құрылысын бастауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, жүк тасымалына қатысты артықшылықты толықтай әрі тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету қажет.
"Бұл бағыттағы маңызды жобалардың біразы қазір жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала қамданып, жұмысты тоқтатпай, жалғастыра беру керек. "Мойынты – Қызылжар" бағытында жаңа темір жол құрылысын бастауды тапсырамын. Сондай-ақ Қызылжар бекетінен Ақтау портына дейінгі күре жолдың қозғалысы аса көп учаскелерін жаңғырту керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұдан бөлек, "Алтынкөл – Жетіген" темір жолын да кеңейту қажет. Ол Қытай мен Орталық Азия арасындағы көлік дәлізінің әлеуетін едәуір арттырады.
"Мультимодальды көлік тораптарын дамытуға баса мән берген жөн. Сол арқылы тасымалдың барлық түрін өзара кіріктіруге мүмкіндік туады. Биыл және келесі жылы осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуға тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.