https://sputnik.kz/20250128/elimizde-komir-khimiyasy-onimderinin-15-ten-astam-turin-shygarylady-50347710.html
Елімізде көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрі шығарылады
Елімізде көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрі шығарылады
Sputnik Қазақстан
"Qarmet" компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өңдейтін жобаны іске асыруға кірісті 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T11:48+0500
2025-01-28T11:48+0500
2025-01-28T11:50+0500
үкімет
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48816472_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7228aa420a8cffe9b4e2dd51b40be73a.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысынде премьер-министр Олжас Бектенов мұнай-химия мен тау-кен өндірісі саласындағы жоспармен бөлісті.Үкімет басшысы "Qarmet" компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өңдейтін жобаны іске асыруға кіріскенін де хабарлады. Бұл жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрін шығару көзделуде.Сонымен қатар CHN Energy компаниясы елімізде көмір химиясы бойынша 4 млрд доллардың инвестициялық жобаларын іске асыруға қызығушылық білдіріп отырғаны белгілі болды.Тау-кен металлургия саласында да бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.Сондай-ақ осы өңірде қуаттылығы 300 мың тонна алтын-мыс концентраты мен 15 тонна алтын өндіруге жететін гидрометаллургиялық комбинат салу бойынша жобалау жұмыстары басталды.Үкімет басшысы жалпы "Qarmet" акционерлік қоғамындағы жағдай тұрақталып, инвестициялық бағдарлама кестеге сай жүзеге асырылып жатқанын айтты.
https://sputnik.kz/20250128/aes-boyynsha-kelisimder-zhaqyn-arada-zhasalady--bektenov-50346681.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48816472_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d564bc42c53967b960f0129a9299439d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, олжас бектенов
Елімізде көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрі шығарылады
11:48 28.01.2025 (жаңартылды: 11:50 28.01.2025) "Qarmet" компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өңдейтін жобаны іске асыруға кірісті
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысынде премьер-министр Олжас Бектенов мұнай-химия мен тау-кен өндірісі саласындағы жоспармен бөлісті.
"Биыл құны 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Құны 1,3 млрд долларды құрайтын бутадиен өндіретін зауыт құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынады. Қазақстан Даму банкінің қолдауымен инвестор Павлодар облысында алкилат шығаратын зауыт құрылысын бастағалы отыр", - деді Бектенов.
Үкімет басшысы "Qarmet" компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өңдейтін жобаны іске асыруға кіріскенін де хабарлады. Бұл жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрін шығару көзделуде.
Сонымен қатар CHN Energy компаниясы елімізде көмір химиясы бойынша 4 млрд доллардың инвестициялық жобаларын іске асыруға қызығушылық білдіріп отырғаны белгілі болды.
Тау-кен металлургия саласында да бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Абай облысында құны 1 млрд доллардан асатын жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба экспортқа шығатын мыс концентратының түгелге жуығын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында жобалық қуаты 160 мың тонна ферросилиций болатын ферроқорытпа зауытының құрылысы жүріп жатыр", - деп ббаяндады Бектенов.
Сондай-ақ осы өңірде қуаттылығы 300 мың тонна алтын-мыс концентраты мен 15 тонна алтын өндіруге жететін гидрометаллургиялық комбинат салу бойынша жобалау жұмыстары басталды.
Үкімет басшысы жалпы "Qarmet" акционерлік қоғамындағы жағдай тұрақталып, инвестициялық бағдарлама кестеге сай жүзеге асырылып жатқанын айтты.