https://sputnik.kz/20250128/eaeo-bagaly-qagazdar-narygy-ushin-zhagdaydy-zhaqsartuda-50364654.html
ЕАЭО бағалы қағаздар нарығы үшін жағдайды жақсартуда
ЕАЭО бағалы қағаздар нарығы үшін жағдайды жақсартуда
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы бағалы қағаздар нарығының жұмысын жақсартуға арналған ЕЭК Кеңесінің ұсынымының жобасын... 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T17:30+0500
2025-01-28T17:30+0500
2025-01-28T17:30+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_3f6c8b2a6b3be9fc5c5de638bd4436c5.jpg
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы бағалы қағаздар нарығының жұмысын жақсартуға арналған ЕЭК Кеңесінің ұсынымының жобасын мақұлдады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі. Құжат "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын бағалы қағаздар нарығын реттеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар бөлігінде үйлестіру және бағалы қағаздар нарығы нарықтық делдалдарға (брокерлерге) қойылатын талаптарды белгілеу бойынша келісілген ұсыныстар туралы" деп аталады. ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов үйлестіру бойынша келісілген ұсыныстар ЕАЭО мемлекеттерінде қолданыстағы заңнаманы салыстырмалы құқықтық талдау нәтижелері бойынша дайындалғанын айтты. "Бұл біздің нарықта ашықтық пен өзара сенімді қамтамасыз ететін біртұтас қаржы кеңістігін құру жолындағы маңызды қадам", - деді Бақыт Сұлтанов. Алқа бекіткен заңнаманы үйлестіру жөніндегі ұсынымдар мен келісілген ұсыныстар Комиссия Кеңесінің қарауына және бекітуіне жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_95:0:1186:818_1920x0_80_0_0_8fba9fc3f790e915ef90df0782a760ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы бағалы қағаздар нарығының жұмысын жақсартуға арналған ЕЭК Кеңесінің ұсынымының жобасын мақұлдады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Құжат "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын бағалы қағаздар нарығын реттеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар бөлігінде үйлестіру және бағалы қағаздар нарығы нарықтық делдалдарға (брокерлерге) қойылатын талаптарды белгілеу бойынша келісілген ұсыныстар туралы" деп аталады.
"Ұсыным мен келісілген ұсыныстар ЕАЭО туралы шартқа, Шартқа №17 қосымшаға (Қаржы қызметтері туралы хаттамаға), Бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасына, Заңнамаларды үйлестіру туралы келісімге және Одақ мемлекеттерінің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді", - делінген хабарламада.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов үйлестіру бойынша келісілген ұсыныстар ЕАЭО мемлекеттерінде қолданыстағы заңнаманы салыстырмалы құқықтық талдау нәтижелері бойынша дайындалғанын айтты.
"Бұл біздің нарықта ашықтық пен өзара сенімді қамтамасыз ететін біртұтас қаржы кеңістігін құру жолындағы маңызды қадам", - деді Бақыт Сұлтанов.
Алқа бекіткен заңнаманы үйлестіру жөніндегі ұсынымдар мен келісілген ұсыныстар Комиссия Кеңесінің қарауына және бекітуіне жіберіледі.