https://sputnik.kz/20250127/songy-eki-zhylda-1000-nan-astam-atys-zhane-travmatikalyq-qaru-tarkilendi-50289914.html
Соңғы екі жылда 1000-нан астам атыс және травматикалық қару тәркіленді
Соңғы екі жылда 1000-нан астам атыс және травматикалық қару тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бастап 20 атыс және травматикалық қару табылған 27.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-27T09:11+0500
2025-01-27T09:11+0500
2025-01-27T09:11+0500
қару-жарақ
травматикалық қару
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50289573_0:41:894:544_1920x0_80_0_0_375d973288e0a91fe841e4650800eb6f.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді.Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды.Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50289573_56:0:835:584_1920x0_80_0_0_85388f55a55712ca017ae43a3acc6413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ, травматикалық қару
қару-жарақ, травматикалық қару
Соңғы екі жылда 1000-нан астам атыс және травматикалық қару тәркіленді
Жыл басынан бастап 20 атыс және травматикалық қару табылған
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.
Мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтады. 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді.
Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.
Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді.
Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылды.
Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді.
"Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.