ШЫҰ Бас хатшысы бақылаушы мәртебесін алу қарастырылып жатқан елдерді атады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание СМИД ШОС: подписание итоговых документов
Заседание СМИД ШОС: подписание итоговых документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Азияның, тіпті Африканың әр аумағындағы елдер үшін ШЫҰ-да бақылаушы және диалог бойынша серіктес мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
"ШЫҰ – тұтастай алғанда еуразиялық ұйым, серіктес және бақылаушы мәртебесіне үміткерлер Оңтүстік Азияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Батыс Азияда орналасқан. Кейбір мемлекеттер тіпті Африка құрлығында, оның солтүстігі мен шығысында орналасқан", - деді Ермекбаев ШЫҰ-ға бақылаушы және серіктес ретінде қатысуға қай елдер өтініш білдірді деген сұраққа жауап беріп.
Ол бүгінде бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктестер мәртебесін алуға алты және сегіз өтініш бар екенін және олар қаралып жатқанын еске салды.
"Бірақ мәселе мәртебеде емес, біз олардың мәртебесіне қарамастан серіктестермен де, бақылаушылармен де практикалық ынтымақтастықты дамытқымыз келетіні маңыздырақ", - деді Ермекбаев.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларының бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Бүгінгі таңда оған 10 мемлекет кіреді, тізімде көрсетілгендерден басқа, оған Үндістан, Пәкістан, Беларусь және Иран түрлі уақытта қосылды.
Жаңалықтар
0