Олжас Бектенов Қытай елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

© Photo : Primeminister.kzОлжас Бектенов обсудил с Послом КНР в РК Хань Чуньлинем вопросы торгово-экономического сотрудничества
Олжас Бектенов обсудил с Послом КНР в РК Хань Чуньлинем вопросы торгово-экономического сотрудничества
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Былтыр екіжақты тауар айналымы 9%-ке өсіп, $43,8 млрд-қа жетті. Қазақстандық тарап жеткізілетін өнім номенклатурасын одан әрі кеңейтудің, оның ішінде, қытай тарапының астық жүктерін вагондардың барлық түрі бойынша қабылдауын ұлғайту, сондай-ақ ҚХР-ға экспорттаушылар тізіліміне жаңа қазақстандық кәсіпорындарды енгізу арқылы Қытай нарығына қазақстандық астықтың экспортын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Қытай Қазақстанның 5 үздік инвесторының қатарына кіреді. Бүгінгі таңда 11 мың жұмыс орны ашу арқылы $8,7 млрд-қа 62 қазақ-қытай жобасы іске асырылды, 17,4 мың жұмыс орнын ашатын 13,5 млрд-қа 55 жоба іске асыру сатысында.
Жалпы пулға $60,5 млрд-тан астам 222 инвестициялық жоба кіреді. Сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ деректері бойынша былтыр 11 айда Қазақстан мен ҚХР арасында жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке өсіп, 29,3 млн тоннаға жетті.
Жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін қазақ-қытай шекарасында жаңа өткізу пункттерін ашу және қолданыстағы өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ шекара маңындағы кеме қатынасын дамыту жөнінде бірлескен шаралар қабылдаудың маңызы нақтыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттары бойынша әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейту ниеттерін растады.
Строительство железной дороги Бахты - Аягоз - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2025
Қазақстан мен Қытай арасында үшінші шекаралық теміржол өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр
Жаңалықтар
0