Мәйіт донорлығы: денсаулық министрі бас мүфтимен не туралы сөйлескенін айтты

© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіҚазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бас мүфтимен не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін министр бас мүфтимен кездесіп, вакцинация мен ағза донорлығын талқылаған болатын. Себебі діни көзқарасқа байланысты екпеден бас тартатындар аз емес. Ондай адамдар өлгеннен кейін ағза доноры болуға келіспей жатады. Ал Қазақстанда ағза донорын күтіп отырған науқастардың саны 4 мың адамнан асты.
"Өкінішке қарай, жыл сайын осы кезекте тұрған 300-ден астам адам донорын табай алмай, қайтыс болып жатады. Біз осының бәрін бас мүфтимен талқыладық. Олар өз тарапынан халықаралық тәжірибені зерттеп көреміз деп, өз ұсыныстарын айтты", - деді Әлназарова журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Egov порталында 2 800 адам өлгеннен кейін өз ағзаларын беруге келісім берді. Бірақ бұл жерде тағы бір мәселе бар. Ол да бас мүфтимен болған кездесуде талқыланды.
"Денсаулық кодексінде мәйіт донорлығына қатысты нақты нормалар қарастырылған. Алайда ол жерде бір қайшылық бар. Атап айтқанда, адам көзі тірісінде өз келісімін берсе, қайтыс болғаннан кейін туған-туыстарынан қайтадан келісім сұрау керек. Біз осы мәселені депутаттармен келісіп жатырмыз. Сонымен қатар мүфтиятпен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз. Әрине, оған қоғам да дайын болуы керек. Сосын этикалық сұрақтар бар. Соның бәрін кеше бас мүфтимен талқыладық", - деп атап көрсетті Әлназарова.
Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңында нақты заңға сәйкес өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Трем пациентам в Казахстане пересадили легкие, сердце и почку  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Алматы облысында қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар
0