https://sputnik.kz/20250127/futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-stanislav-cherchesov-qyzmetinen-ketti-50310538.html
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
Федерацияның мәліметінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған 27.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-27T13:50+0500
2025-01-27T13:50+0500
2025-01-27T13:55+0500
қазақстан футбол федерациясы
бас бапкер
https://sputnik.kz/img/966/19/9661960_0:55:1620:966_1920x0_80_0_0_960ed8a542e5d4a2132b3dcc330184c9.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.Федерацияның мәліметінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесов пен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тіледі.Айта кетері, Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың маусым айында тағайындалған еді.
https://sputnik.kz/20240603/futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-tagayyndaldy-44731301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/966/19/9661960_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_e27bb256ca4849400a3c5951c254f48a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан футбол федерациясы, бас бапкер
қазақстан футбол федерациясы, бас бапкер
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті
13:50 27.01.2025 (жаңартылды: 13:55 27.01.2025) Федерацияның мәліметінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
Федерацияның мәліметінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
"Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр", - деп атап өтті федерация.
Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесов пен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тіледі.
Айта кетері, Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың маусым айында тағайындалған еді.