Былтыр Қазақстанда 1400-ден астам адам жұмыста жүріп жарақат алған

© Photo : пресс-служба НИИ травматологии и ортопедииНИИ травматологии и ортопедии
НИИ травматологии и ортопедии - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
Оның 202-і қаза болған
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған , деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті.
Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді.
Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда.
Мәселен,
Қарағанды облысында – 159 адам,
ШҚО-да – 124 адам,
Павлодар облысында – 112 адам,
Абай облысында – 101 адам,
Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен.
Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті.
"Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,3% және құрылыс саласында – 10,1%", - делінген комитет хабарламасында.
Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (31%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%).
Жаңалықтар
0