https://sputnik.kz/20250127/astanada-leningrad-qorshauynyn-tolyq-buzyluyna-arnalgan-korme-ashyldy-50329813.html
Астананың әскери музейінде "Ленинградтық өренім!" көрмесі ашылды
Астананың әскери музейінде "Ленинградтық өренім!" көрмесі ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасын толығымен алып тастауға арналған көрмеде Қазақстан Қарулы... 27.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-27T18:15+0500
2025-01-27T18:15+0500
2025-01-27T19:52+0500
жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50314934_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4569fb582f5fb62c07c720fe9f69c574.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасын толығымен алып тастауға арналған көрмеде Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ленинград маңында шайқас болған жерлерден іздестіру шаралары кезінде табылған жәдігерлерді көрсетті. Бұл снарядтармен тесілген дулығалар, фотосуреттер, хаттар, құжаттар мен жауынгерлердің жеке заттары. Невадағы қаланы ерлікпен қорғау Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алады. 900 күндік қоршау 1 миллионнан астам ленинградтықтың өмірін қиды, қаланы азат ету жолында 300 000-нан астам барлық ұлт өкілінен құралған кеңес жауынгері қаза тапты. Қоршауды бұзуда қазақ жауынгерлері маңызды рөл атқарды. “Қазақстанда құрылған барлық әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинградты азат ету шайқастарына қатысты. Олардың қатарында 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиялары бар”, - деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж курсанттары мен “Жас сарбаз” балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілеріне жау дзотының амбразурасын денесімен жауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Сұлтан Баймағамбетовтің ерліктері туралы айтылды. Сонымен қатар қазақ халқының батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және туған жері үшін жанын қиған көптеген қазақстандықтар туралы баяндалды. Көрменің ашылуына 1942 жылы Ленинградта туған Геьдира Валеева қатысты. Блокаданың сұмдық күндері туралы оның есіне жоқ - оны қорғап, ата-анасы оған соғыс, аштық пен өлім туралы айтпады. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында Ленинград блокадасы ерекше орын алды, ол ең қиын кезеңде – 1941 жылдың күзінде “Ленинградтықтар, балаларым” өлеңін жазып, қала тұрғындарын шабыттандырды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарулы Күштер Орталық ансамблінің солисі Нұрлан Нұртазин оқыды. “Бізде 1941 жылдың шілде айының соңында әскерге шақырудың бірінші толқыны болды. Біздің Орта Азия әскери округі шабуыл күтілген Иран бағытын қорғауы керек еді. Ол жерде шабуыл болмайтыны белгілі болған соң, дивизиялар Ленинград пен Мәскеуге ауыстырылды”, – дейді Еуразия ұлттық университетінің профессоры, іздеуші, әскери тарихшы, жазушы Майдан Құсайынов. Майданға шақырудың бірінші толқыны өте күшті болды. Жауынгерлердің 40%-ында және командирлердің 80%-ында жауынгерлік тәжірибеге болды. Дивизиялардың жауынгерлік қабілеті өте жоғары болды және олар 1941 жылдың күзінде Ленинград пен Мәскеуді қорғауда ерекше рөл атқарды. 1941 жылдың 8 қыркүйегінде немістер Шлиссельбургті алып, құрлықтағы қоршау сақинасын жапты, 9 қыркүйекте 310-шы дивизия келіп, немістерді 12 шақырым артқа ығыстырып, финдерге қарай жылжи бастады. Петропавлдық 314-дивизия финдерге жақындап, олардың ілгерілеуін тоқтатты. Біздің 310-шы және 314-ші екі дивизия Ленинград блокадасының екінші сақинасының жабылуына жол бермеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1b/50314934_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_12bcac1b30a99caee19b1676683ee69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасын толығымен алып тастауға арналған көрмеде Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ленинград маңында шайқас болған жерлерден іздестіру шаралары кезінде табылған жәдігерлерді көрсетті.
Бұл снарядтармен тесілген дулығалар, фотосуреттер, хаттар, құжаттар мен жауынгерлердің жеке заттары.
Невадағы қаланы ерлікпен қорғау Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алады. 900 күндік қоршау 1 миллионнан астам ленинградтықтың өмірін қиды, қаланы азат ету жолында 300 000-нан астам барлық ұлт өкілінен құралған кеңес жауынгері қаза тапты. Қоршауды бұзуда қазақ жауынгерлері маңызды рөл атқарды.
“Қазақстанда құрылған барлық әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинградты азат ету шайқастарына қатысты. Олардың қатарында 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиялары бар”, - деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж курсанттары мен “Жас сарбаз” балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілеріне жау дзотының амбразурасын денесімен жауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алған Сұлтан Баймағамбетовтің ерліктері туралы айтылды. Сонымен қатар қазақ халқының батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және туған жері үшін жанын қиған көптеген қазақстандықтар туралы баяндалды.
Көрменің ашылуына 1942 жылы Ленинградта туған Геьдира Валеева қатысты. Блокаданың сұмдық күндері туралы оның есіне жоқ - оны қорғап, ата-анасы оған соғыс, аштық пен өлім туралы айтпады.
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығында Ленинград блокадасы ерекше орын алды, ол ең қиын кезеңде – 1941 жылдың күзінде “Ленинградтықтар, балаларым” өлеңін жазып, қала тұрғындарын шабыттандырды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарулы Күштер Орталық ансамблінің солисі Нұрлан Нұртазин оқыды.
“Бізде 1941 жылдың шілде айының соңында әскерге шақырудың бірінші толқыны болды. Біздің Орта Азия әскери округі шабуыл күтілген Иран бағытын қорғауы керек еді. Ол жерде шабуыл болмайтыны белгілі болған соң, дивизиялар Ленинград пен Мәскеуге ауыстырылды”, – дейді Еуразия ұлттық университетінің профессоры, іздеуші, әскери тарихшы, жазушы Майдан Құсайынов.
Майданға шақырудың бірінші толқыны өте күшті болды. Жауынгерлердің 40%-ында және командирлердің 80%-ында жауынгерлік тәжірибеге болды. Дивизиялардың жауынгерлік қабілеті өте жоғары болды және олар 1941 жылдың күзінде Ленинград пен Мәскеуді қорғауда ерекше рөл атқарды. 1941 жылдың 8 қыркүйегінде немістер Шлиссельбургті алып, құрлықтағы қоршау сақинасын жапты, 9 қыркүйекте 310-шы дивизия келіп, немістерді 12 шақырым артқа ығыстырып, финдерге қарай жылжи бастады. Петропавлдық 314-дивизия финдерге жақындап, олардың ілгерілеуін тоқтатты. Біздің 310-шы және 314-ші екі дивизия Ленинград блокадасының екінші сақинасының жабылуына жол бермеді.