Алматыда 16 жыл бұрын құрылысы тоқтатылған нысан бұзылды

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Алматыда ұзақ жыл салынған ірі құрылыс нысаны бұзылып жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматыда Әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында орналасқан көпдеңгейлі паркингті бұзу басталды.
“Нысандағы құрылыс жұмыстары 2009 жылы тоқтатылған, ал 2015 жылы жер телімін жалға алу құқығы жойылған болатын. "Сейсмостройзащита" ЖШС сарапшылары нысанның көтеруші құрылымдарын апатты деп танып, оны бұзуды ұсынған”, - дейді ведомство.
2018 жылы 25 сәуірде сот шешімімен нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Бүгін құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, бұл соңғы күндері Медеу ауданында бұзылған екінші нысан. Бірер күн бұрын Радлов көшесіндегі заңсыз ғимаратты бұзу басталды. 2023 жылдың басынан бері "Мечта", KHAN және басқа да заңсыз салынған 65 нысан сүрілді.
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр
Жаңалықтар
0