Елімізде тағы бір ақылы жол пайда болды

© Sputnik / Медина КураковаАстана-Щучинск жолындағы жол ақысын төлеу орындары
Астана-Щучинск жолындағы жол ақысын төлеу орындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2025
Жазылу
"Қызылорда-Арал" учаскесінде 6 бақылау аркасы және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Елімізде тағы бір ақылы жол пайда болды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"Құрметті жол пайдаланушылары! "Қызылорда-Арал" автожолы бүгіннен бастап ақылы болғаны туралы хабарлаймыз", - деп жазылған ұлттық оператордың телеграм-арнасында.
"ҚазАвтоЖол" ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады деп бұған дейін хабардар еткен болатын.
Республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Самара) – Шымкент" автожолының "Қызылорда-Арал" учаскесінде 6 бақылау аркасы және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы "ашық" төлем жүйесі қолданылады. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
Платный проезд по автобану Астана-Щучинск - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Қазақстанда бірнеше жол ақылы болады
Жаңалықтар
0