https://sputnik.kz/20250126/astanada-tagy-bir-eldi-mekenge-tabigi-gaz-keldi-50280675.html
Астанада тағы бір елді мекенге табиғи газ келді
Астанада тағы бір елді мекенге табиғи газ келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Елордада елді мекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда "Family Village" тұрғын алабын табиғи... 26.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-26T09:15+0500
2025-01-26T09:15+0500
2025-01-26T09:23+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:275:2833:1869_1920x0_80_0_0_c3f95452be50afa4a4b4f881912ec31b.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Елордада елді мекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда "Family Village" тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."QazaqGaz Aimaq" АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып саналады.Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.Жылытуға уақытында халықтың коммуналдық қызметтерге байланысты шығындары айтарлықтай азаяды. Табиғи газ экологиялық қауіпсіздіктен бөлек, қолжетімді және ыңғайлы отын болып саналады."Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз", – деп атап өтті қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).Сондай-ақ, "Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_eb234416c8871e520b450b5b9254eee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Елордада елді мекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда "Family Village" тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл халықтың өмір сүру сапасын және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып саналады.
Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.
Жылытуға уақытында халықтың коммуналдық қызметтерге байланысты шығындары айтарлықтай азаяды. Табиғи газ экологиялық қауіпсіздіктен бөлек, қолжетімді және ыңғайлы отын болып саналады.
"Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз", – деп атап өтті қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.
Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).
Сондай-ақ, "Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.