Жезқазғанда мұнай базасынан өрт шығып, төрт адам зардап шекті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаШесть человек пострадали от взрыва в Жезказгане
Шесть человек пострадали от взрыва в Жезказгане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2025
Жазылу
Үш автокөлік жанып кеткен
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Жезқазған қаласындағы мұнай базасынанөрт шығып, арнайы мақсаттағы үш автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Өрт кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, ангар құлап түскен. Өрт шыққаннан кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына санаулы минутта жеткен. Оқиға орнында құрылған жедел штаб жанғыш отынға толы резервуарды қорғау және оны салқындату бойынша шұғыл шешім қабылдады. Өрт сөндірушілер автоцистерналарды өрт сөндіру гидранттарына орналастырып, көбікті қолдану арқылы 100 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді", — делінген хабарламада.
Өрт салдарынан мұнай базасының төрт қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0