https://sputnik.kz/20250125/prodyuser-dana-ormanbaevaga-khalyqaralyq-izdeu-zhariyalandy-50279321.html
Продюсер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
Продюсер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық продюсер, публицист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу... 25.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-25T19:12+0500
2025-01-25T19:12+0500
2025-01-25T19:25+0500
продюсер
сот
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43726119_0:360:1440:1170_1920x0_80_0_0_2e19f3a055f6a4267e221331b57e69dd.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық продюсер, публицист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.Бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады."Тергеу департаменті Орманбаеваға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды", - делінген полиция хабарламасында.Бұл ретте Дана Орманбаева өзінің Instagram парақшасында іздеу жарияланғанына қатысты пікір білдірді. Продюсер бұл жағдай 29 жасқа толған ерекше күтімді қажет ететін ұлының туған күнінде болғанына қынжылды."Достар, маған іздеу жариялануы туралы хабарға қатысты ойларыңыз үшін рахмет, хабарламаларыңыз бен қолдауларыңызға, қоңырауларыңызға рахмет", - деп жазған Орманбаева өзін "ұлтаралық араздықты қоздырушы" деп санамайтынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20190302/bayan-alagozova-qurbysy-suhbat-9493515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43726119_0:225:1440:1305_1920x0_80_0_0_7940a0895886afa4c2e72a5eca0e677d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
продюсер, сот
Продюсер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
19:12 25.01.2025 (жаңартылды: 19:25 25.01.2025) АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық продюсер, публицист және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Тергеу департаменті Орманбаеваға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды", - делінген полиция хабарламасында.
Бұл ретте Дана Орманбаева өзінің Instagram парақшасында іздеу жарияланғанына қатысты пікір білдірді. Продюсер бұл жағдай 29 жасқа толған ерекше күтімді қажет ететін ұлының туған күнінде болғанына қынжылды.
"Достар, маған іздеу жариялануы туралы хабарға қатысты ойларыңыз үшін рахмет, хабарламаларыңыз бен қолдауларыңызға, қоңырауларыңызға рахмет", - деп жазған Орманбаева өзін "ұлтаралық араздықты қоздырушы" деп санамайтынын мәлімдеді.