https://sputnik.kz/20250125/almatyda-internet-alayaqtyq-boyynsha-call-ortalyq-anyqtaldy-50268037.html
Алматыда интернет-алаяқтық бойынша call-орталық анықталды
Алматыда интернет-алаяқтық бойынша call-орталық анықталды
Sputnik Қазақстан
Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан 25.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-25T11:32+0500
2025-01-25T11:32+0500
2025-01-25T11:32+0500
прокуратура
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700812_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_e3e3c21cebc2dbd5e9f84008c6a3a7bc.jpg.webp
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура мен Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері интернет-алаяқтықтың Call-орталығының жұмыс істеу фактісін анықтады, деп хабарлайды қалалық қадағалау органының баспасөз қызметі.Алматы прокуратыурасының мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде Ресей азаматы Call-орталық орталығын жұмысын ұйымдастырғаны және Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа орналастырғаны анықталған.Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан, қолма-қол ақшаны крипто шоттарына аударғаннан кейін жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған.Әртүрлі GSM-шлюздер мен "Sim-Box" пайдалана отырып, интернет арқылы анонимді қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлер мен басқа да жабдықтардың 60 бірлігі тәркіленді.Сондай-ақ, дайын сценарийлері бар дәптерлер тәркіленді, онда мінез-құлық алгоритмі және клиенттермен қалай жұмыс жасау керек екені көрсетілген (не айту керек, өзін қалай ұстау керек, аға менеджерлерге ауысу және т.б.).Аталған факт бойынша алаяқтықпен сотқа дейінгі тергеу басталды, жәбірленушілер мен келтірілген залал анықталды.Прокуратура органдары азаматтарды мұқият болуға, күмәнді инвестициялық салымдар туралы көндіруге берілмеуге, өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай Call-орталықтың жұмыс істеуі туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700812_50:0:2779:2047_1920x0_80_0_0_8f2fa87009453853e1d0d9f36414d5c6.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, алаяқтық
Алматыда интернет-алаяқтық бойынша call-орталық анықталды
Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура мен Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері интернет-алаяқтықтың Call-орталығының жұмыс істеу фактісін анықтады, деп хабарлайды қалалық қадағалау органының баспасөз қызметі.
Алматы прокуратыурасының мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде Ресей азаматы Call-орталық орталығын жұмысын ұйымдастырғаны және Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа орналастырғаны анықталған.
Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан, қолма-қол ақшаны крипто шоттарына аударғаннан кейін жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған.
Әртүрлі GSM-шлюздер мен "Sim-Box" пайдалана отырып, интернет арқылы анонимді қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлер мен басқа да жабдықтардың 60 бірлігі тәркіленді.
Сондай-ақ, дайын сценарийлері бар дәптерлер тәркіленді, онда мінез-құлық алгоритмі және клиенттермен қалай жұмыс жасау керек екені көрсетілген (не айту керек, өзін қалай ұстау керек, аға менеджерлерге ауысу және т.б.).
Аталған факт бойынша алаяқтықпен сотқа дейінгі тергеу басталды, жәбірленушілер мен келтірілген залал анықталды.
Прокуратура органдары азаматтарды мұқият болуға, күмәнді инвестициялық салымдар туралы көндіруге берілмеуге, өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай Call-орталықтың жұмыс істеуі туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.