Ресеймен шекарадағы өткізу пунктерін жөндеу мерзімі кейінге шегерілді

© Photo : РосгранстройПограничный пункт пропуска "Орск"
Пограничный пункт пропуска Орск - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Ресеймен шекарадағы бақылау-өткізу пунктерін жөндеу жұмыстарын кейінге шегерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Росгранстройға сілтеме жасап.
Бұған дейін 1 ақпаннан бастап Қазақстандағы "Әлімбет" пен "Сырым" өткізу пунктері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады деген ақпарат болды. Осыған байланысты Ресейдің Орынбор облысында өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Бірақ жөндеу жұмыстарын кейінге шегеруге шешім қабылданды.
"Сырым (Маштаково) мен Әлімбет (Орск) өткізу бекеттерін құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты мерзімі жылы уақытқа ауыстырылды. Жұмыстарды жүргізу кезінде өткізу бекеттері шектеулі режимде жұмыс істей береді", - делінген Росгранстройдың ресми хабарламасында.
Осылайша, жөндеу жұмыстары басталғанда өткізу-бақылау бекеттері толығымен жабылмайды.
Встреча Айдарбека Сапарова и Оксаны Лут - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Қазақстан Ресеймен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауар айналымын ұлғайтты
Жаңалықтар
0