https://sputnik.kz/20250124/kartop-tapshylygy-zhoq--astana-akimdigi-50249662.html
Картоп тапшылығы жоқ – Астана әкімдігі
Картоп тапшылығы жоқ – Астана әкімдігі
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін бөлшек сауда желілері сатуға шектеулер енгізген 24.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-24T13:56+0500
2025-01-24T13:56+0500
2025-01-24T14:13+0500
астана
картоп
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45866465_0:86:3072:1814_1920x0_80_0_0_070bad2236186d41b47bf164768ba208.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Картопты сатуға шектеу жоқ және тапшылық жоқ, деп хабарлады Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.Қор уақытылы толықтырылып жатыр, картопжеткілікті, деп сендірді басқармадағылар. Бұл мәлімдемені елорда әкімдігі де растады.Сонымен қатар, Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Айналмалы механизм аясында қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аптасына 200 тоннадан астам картоп интервенциясын жүргізеді.Бұған дейін Сауда министрлігі картоп бағасының көтерілуіне не себеп болғанын түсіндірді. Сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутіковтің айтуынша, картоп бойынша экспорт өте көп. Біз өте үлкен көлемде экспорттадық, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге көп. 2023 жылы біз 400 мың тонна, 24 жылы шамамен 600 мың тонна экспорттадық, деді Жәутіков.
https://sputnik.kz/20250123/1-kelisi--130-tenge-zhambyl-oblysynda-kartop-arzan-bagamen-satylyp-zhatyr-50220721.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45866465_40:0:2771:2048_1920x0_80_0_0_3430582926c901edb0f789bb8c7804cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, картоп
Картоп тапшылығы жоқ – Астана әкімдігі
13:56 24.01.2025 (жаңартылды: 14:13 24.01.2025) Бұған дейін бөлшек сауда желілері сатуға шектеулер енгізген
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Картопты сатуға шектеу жоқ және тапшылық жоқ,
деп хабарлады Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Қор уақытылы толықтырылып жатыр, картопжеткілікті, деп сендірді басқармадағылар. Бұл мәлімдемені елорда әкімдігі де растады.
"Картопты сатуға 5 келіден аспайтын уақытша шектеулерді "Small" және "Spar" желілерінің әкімшіліктері 22 қаңтарда енгізді. Бұл шара сатып алушылардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме бағамен сатып алуын болдырмау мақсатында қабылданды (шектеу алынып тасталды). Мысалы, барлық "Small" және "Spar" сауда желісінде картоп бір келісі 280 теңгеден сатылып жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.
Сонымен қатар, Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Айналмалы механизм аясында қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аптасына 200 тоннадан астам картоп интервенциясын жүргізеді.
Бұған дейін Сауда министрлігі картоп бағасының көтерілуіне не себеп болғанын түсіндірді. Сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутіковтің айтуынша, картоп бойынша экспорт өте көп. Біз өте үлкен көлемде экспорттадық, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге көп. 2023 жылы біз 400 мың тонна, 24 жылы шамамен 600 мың тонна экспорттадық, деді Жәутіков.