Беларусьтағы сайлау: ҰҚШҰ Парламенттік ассамблея байқаушылары өз жұмысына кірісті

© Sputnik / Виктор ТолочкоЕдиный день голосования в Беларуси
Единый день голосования в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік ассамблея байқаушылары Минскте Беларусь президентінің сайлауына дайындық шараларын бақылауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ассамблеяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Миссия жұмысын РФ Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Виктория Абрамченко үйлестіріп жатыр. Олар ҰҚШҰ Парламенттік ассамблея кеңесінің төрағасы Вячеслав Володиннің тапсырмасы және Беларусь Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова мен Өкілдер палатасы төрағасы Игорь Сергеенконың шақыруымен Минск қаласына келді.
ҰҚШҰ бақылаушылары сайлаудың алдында кандидаттармен және олардың сенім білдірген тұлғаларымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, Беларусь Орталық сайлау комиссиясына барып, парламент палаталарының басшыларымен жүздеседі. Ал сайлау өтетін күні - 26 қаңтарда ҰҚШҰ Парламенттік ассамблея байқаушылары Минск қаласындағы дауыс беру учаскелерін аралайды.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Беларусь президентінің сайлауына баратын бақылаушылардың тізімін жариялаған болатын.
Жаңалықтар
0