Астана мен Қосшыда экстремистік топ мүшелері ұсталды

© Photo : КНБ КазахстанаАстана мен Қосшыда экстремистік топ мүшелері ұсталды
Астана мен Қосшыда экстремистік топ мүшелері ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Жазылу
ҰҚК экстремистерді ұстау сәтінің кадрымен бөлісті
АСТАНА, 24 қаңтар - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Астана мен Қосшыда экстремистік топ мүшелерін ұстады.
Барлығы төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды және соған қатысты, сондай-ақ жаңа қолдаушыларды экстремистік топқа тартты деген күдікке ілінді.

"Тінту барысында тұрғылықты жері бойынша діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді комитеттегілер.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Жаңалықтар
0