https://sputnik.kz/20250123/qostanayda-zhalpy-quny-85-million-tengeni-quraytyn-veyp-tarkilendi-50234261.html
Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын вейп тәркіленді
Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын вейп тәркіленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын 8,5 мың вейп тәркіленді. Полицейлер заңсыз сауданы әшкереледі, деп хабарлайды... 23.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-23T22:00+0500
2025-01-23T22:00+0500
2025-01-23T22:00+0500
шылым
https://sputnik.kz/img/899/13/8991381_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_cd02072e9f9a11002d2aa00557c3c6bb.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын 8,5 мың вейп тәркіленді. Полицейлер заңсыз сауданы әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері электронды темекі бұйымдары – вейп сататын интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты. Екі жергілікті тұрғын Telegram арқылы сауда арнасын ұйымдастырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы дүкендердің бірінің жертөлесінде заңсыз вейп саудасы ұйымдастырылғаны анықталды. Сондай-ақ Telegram арқылы өтініштерді қабылдайтын байланыс орталығы жұмыс істеп тұрған. Қылмыс орнындағы тінту нәтижесінде 8,5 мың электронды темекі бұйымы бар 73 картон қорап тәркіленді. Сонымен қатар, қаладағы дүкендердің бірін тінту кезінде жертөледен алты темекі шегетін құрылғы, төрт ноутбук, вейпке арналған 10 аккумулятор, жеті ұялы телефон және екі компьютерлік жүйе блогы табылды. Ұсталғандардың бірінің айтуынша, вейптер Алматыдағы жеткізушілерден келген, бір вейптің құны шамамен 10 мың теңгені құрайды. Қазір полицейлер түтінсіз темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сонымен қатар, вейптерді заңсыз жеткізу арнасын анықтау шаралары жүргізілуде. Полиция департаменті аталған өнімдерді сату және тарату 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланатынын еске салды.
https://sputnik.kz/20241018/reseyden-veyp-akelip-taratqan-qostanay-turgyny-sottaldy-47917126.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/13/8991381_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_08bc51e8f9ea59901804e6e9376ac312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шылым
Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын вейп тәркіленді
АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қостанайда жалпы құны 85 миллион теңгені құрайтын 8,5 мың вейп тәркіленді. Полицейлер заңсыз сауданы әшкереледі, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері электронды темекі бұйымдары – вейп сататын интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты. Екі жергілікті тұрғын Telegram арқылы сауда арнасын ұйымдастырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы дүкендердің бірінің жертөлесінде заңсыз вейп саудасы ұйымдастырылғаны анықталды. Сондай-ақ Telegram арқылы өтініштерді қабылдайтын байланыс орталығы жұмыс істеп тұрған.
Қылмыс орнындағы тінту нәтижесінде 8,5 мың электронды темекі бұйымы бар 73 картон қорап тәркіленді. Сонымен қатар, қаладағы дүкендердің бірін тінту кезінде жертөледен алты темекі шегетін құрылғы, төрт ноутбук, вейпке арналған 10 аккумулятор, жеті ұялы телефон және екі компьютерлік жүйе блогы табылды.
Ұсталғандардың бірінің айтуынша, вейптер Алматыдағы жеткізушілерден келген, бір вейптің құны шамамен 10 мың теңгені құрайды. Қазір полицейлер түтінсіз темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сонымен қатар, вейптерді заңсыз жеткізу арнасын анықтау шаралары жүргізілуде.
Полиция департаменті аталған өнімдерді сату және тарату 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланатынын еске салды.