Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр

Зарплата, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
Қазақстанда орташа жалақы – 817,2 доллар
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы мөлшері бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Ranking.kz.
ТМД мемлекетаралық статистика комитеті жариялаған деректерге сәйкес, өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстанда орташа жалақы 817,2 доллар болды.
Қазақстандағы ең төменгі жалақы да Орталық Азия бойынша ең жоғары болып тұр. Өткен жылы ол 85 мың теңге немесе 181,1 доллары болды. Орталық Азия өңірінің басқа елдерінде көрсеткіштер айтарлықтай төмен: Өзбекстанда – 89,4 доллар, Тәжікстанда – 54,9 доллар, Қырғызстанда – 28,3 доллар.
Сонымен қатар елдер арасындағы көрсеткіштер айырмашылығына келсек, Қазақстанда қаржыгерлер мен сақтандырушылардың жалақысы 1,7 мың доллардан асады. Бұл Тәжікстаннан үш есе көп. Қазақстанда қаржы саласы мен тау-кен өнеркәсібі —ең жоғары жалақы алатын салалар.
Орталық Азияның ірі мемлекеттері — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанда Еуропа елдерімен салыстырғанда өмір сүру құны салыстырмалы түрде төмен.
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Алматылықтардың орташа жалақысы қанша
Жаңалықтар
0