Қарағандының алғашқы кинотеатры мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Караганда
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда жекеменшіктің қолына өтіп кеткен В.И.Ленин атындағы кинотеатр мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"1960 жылы ашылған кинотеатр Қарағандыдағы алғашқы екі залды кең экранды кинотеатр болған. Бұл ғимарат қаланың мәдени өмірінің орталығына айналып, жоғары деңгейдегі премьераларды, фестивальдар мен кинофорумдарды көрді. Алайда 1998 жылы нысан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен заңсыз шығарылып, кейіннен жекешелендірілген", - дейді ведомство.
Қазыбек би ауданының прокуратурасы жекешелендірудің заңсыздығын сотта дәлелдеу үшін ұзақ және күрделі жұмыс жүргізген. Сот бірнеше айға созылды. Бұзушылықтар туралы ұсынылған дәлелдердің арқасында сот кинотеатрды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Алкогольді ішімдік - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2024
Қарағанды ​​облысында 63 ауыл ішімдік сатудан бас тартты
Жаңалықтар
0