Бір адамға 5 кг: Астана супермаркеттерінде картоп сатып алушылар үшін шектеулер енгізілді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиОвощи на рынке
Овощи на рынке - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Астанада картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Астанада картоп бағасын тұрақтандыру үшін бір адамға бес кг артық сатылмайтын болды. "Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау үшін "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді", - деп жазды ведомство.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар атқарып жатыр, дейді министрлік. Жыл басынан сауда үстемесін 15%-тен асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды.
Анықталған барлық фактілер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады.
Овощи на рынке - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Астана әкімдігі картоп қорына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0