Абай облысында әуежай терминалы қайта жаңартылады

© Абай облысының әкімдігіАбай облысында әуежай терминалы қайта жаңартылады
Абай облысында әуежай терминалы қайта жаңартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Үржар ауылының әуежайы қайта жаңғыртылды. Ұшу-қону жолағы, жарық-сигналдық жабдық және бейнебақылау жүйелерін қайта жасағаннан кейін әуежай сыйымдылығы 100 жолаушыға дейінгі заманауи әуе кемелерін қабылдай алады. Былтыр жолаушылар терминалын қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартады. Қазірдің өзінде терминал сағатына 80-100 адамға дейін қызмет көрсетеді. Ал есептік өткізу қабілеті – 35 адам.
"Туристік маршруттарды кеңейту, авиарейстерді субсидиялау және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту өңірдің тұрақты дамуын және оның жалпыұлттық көлік желісіне кіруіне мүмкіндік береді", - дейді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
Жазғы туристік маусымда, 2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында "Scat" әуекомпаниясы "Астана-Үржар – Астана" және "Алматы – Үржар – Алматы"бағыттары бойынша Bombardier CRJ – 200 әуе кемесі арқылы рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуежайға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған амбулаториялық лифт және жолаушылардың қолайлығы үшін автобус сатып алынды.
Жаңалықтар
0