https://sputnik.kz/20250122/qyzylorda-oblysynda-byudzhet-qarazhatyn-oz-maqsatyna-paydalangan-bas-esepshi-sottaldy-50182453.html
Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған бас есепші сотталды
Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған бас есепші сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған мектептің бас есепші сотталды. 22.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-22T10:31+0500
2025-01-22T10:31+0500
2025-01-22T10:31+0500
қызылорда облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған мектептің бас есепші сотталды. Арал ауданындағы мектептің бірінің бас есепшісі бұл заңсыз әрекетін өзінің қызметін пайдаланып, 2023 жылдың қаңтар-2024 жылдың тамыз айы аралығында жүзеге асырған. Ол штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, бас пайдасына жаратқан.Бұл іс әрекеті әр ай сайын жалғасып келген. Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударған. Тергеп-тексеру барысында сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам шығын келген. Сот шешімімен бас есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды. Ол қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығынды үкім заңды күшіне енген соң 2 ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді.
https://sputnik.kz/20180105/4198524.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, сыбайлас жемқорлық
қызылорда облысы, сыбайлас жемқорлық
Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған бас есепші сотталды
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Қызылорда облысында бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланған мектептің бас есепші сотталды.
Арал ауданындағы мектептің бірінің бас есепшісі бұл заңсыз әрекетін өзінің қызметін пайдаланып, 2023 жылдың қаңтар-2024 жылдың тамыз айы аралығында жүзеге асырған. Ол штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, бас пайдасына жаратқан.
Бұл іс әрекеті әр ай сайын жалғасып келген. Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударған. Тергеп-тексеру барысында сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам шығын келген.
Сот шешімімен бас есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды. Ол қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шеттетіліп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығынды үкім заңды күшіне енген соң 2 ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді.