Қазақстан мен Ресей су тасқыны кезеңінде ақпарат алмасуға келісті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Жазылу
Су тасқыны кезеңін өткізу бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы құрылды
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстан көрші елдермен су тасқыны кезеңіндегі өзара іс қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Министрлік өкілінің айтуынша, көрші елдермен келіссөздер бойынша қиындықтар жоқ.
Су тасқыны кезеңін өткізу бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы құрылды. Қазір жұмыс тобының құрамы, ережесі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Осылайша Қазақстан мен Ресей су тасқыны кезеңінде ақпарат алмасуға келісті.
"Қытаймен де су тасқыны кезіндегі жұмыс екі жақты келісім арқылы жүзеге асады. Қырғызстанмен жүргізілген келіссөздер барысында біздің тарап Талас өзені арқылы су беру көлемін ұлғайту туралы келісімге келді. Бұл Киров су қоймасынан су жіберуді реттеу және су тасқыны кезеңінде апаттың алдын алу мақсатында жасалады", - деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу белсенді жүріп жатыр. Мысалы, Жапония өкілдері Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексерді. Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт Су білім беру институты арасында меморандум жасалды.
Жаңалықтар
0