Мәжілісте жұмысшы мамандықтары бойынша стипендияны арттыру мәселесі көтерілді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРабочие очищают железнодорожный путь, архивное фото
Рабочие очищают железнодорожный путь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Жазылу
Бүгінде колледж студенттерінің шәкіртақысы 43 мың теңгеге жетті
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің шәкіртақысын арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде колледж студенттерінің шәкіртақысы 43 мың теңгеге жетті.
"Дегенмен, стипендияның бұл мөлшері жұмысшы мамандықтарына оқып жатқан студенттерді толыққанды қолдауға әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты аттестаттау нәтижелері "қанағаттанарлық" және одан жоғары деңгейде студенттерге мемлекеттік стипендия тағайындау мәселесін, сондай-ақ қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттердің стипендия мөлшерін ұлғайтуды қосымша қарастыруды ұсынамын", - деді депутат Дәулет Тұрлыханов мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ, мәжілісмен еден жуушы, аула сыпырушы, ағаш шебері, күзетші, сантехник және тағы да сол сияқты мамандардың жалақысын көтеру қажет деп санайды.
"Неге ол жұмысқа ешкім келгісі келмейді, себебі жұмысы ауыр, айлығы төмен. Бұл жағдайда, инфляцияны ескере отырып, техникалық жұмысшылардың жалақысын индекстеу мүмкіндігін қарастыру қажет", - дейді Тұрлыханов.
Жаңалықтар
0