https://sputnik.kz/20250122/astananyn-300-myn-turgyny-gazben-qamtylady-50204539.html
Астананың 300 мың тұрғыны газбен қамтылады
Астананың 300 мың тұрғыны газбен қамтылады
Sputnik Қазақстан
Жеке тұлғалар үшін газ тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап текше метріне 38,9 теңге болып бекітілді 22.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-22T22:13+0500
2025-01-22T22:13+0500
2025-01-22T22:13+0500
елорда тынысы
астана
газ
газ құбыры
https://sputnik.kz/img/169/34/1693415_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_3cd5c17ac58b50cffcedf56a10daff6c.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Астананы газдандыру бойынша ауқымды жоба аясында елорданың 216 мыңға жуық тұрғынын қамтыған 14 мың абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Қалалық энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Күпешов жобаның жүзеге асырылу кезеңдері туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. 2023 жылы екі кезеңнің құрылысы аяқталып, Сарыарқа, Алматы, Есіл және Нұра аудандарының тұрғындарын қосуға мүмкіндік берді.Сондай-ақ "Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылыту станцияларына және Ильинка, Телман, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы аяқталды.Жылу электр станцияларындағы 16 қазандық пен 20 әлеуметтік нысан газға көшірілді. Әлеуметтік нысандарды дизельдік отыннан газға көшіру өткен жылыту маусымында 977 миллион теңге бюджетті үнемдеуге мүмкіндік берді.Үшінші кезең аясында 2024 жылдан 2026 жылға дейін жұмыстар жоспарланған.Жеке тұлғалар үшін газ тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап текше метріне 38,9 теңге болып бекітілді. Ауданы 100 шаршы метр болатын үй үшін газбен жылытудың құны шамамен айына 17-20 мың теңге, 120 ш.м. – айына 20-25 мың теңге.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/34/1693415_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_ff3e9a5ccc90e3915ca52a618ea5f7e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, газ, газ құбыры
Астананың 300 мың тұрғыны газбен қамтылады
Жеке тұлғалар үшін газ тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап текше метріне 38,9 теңге болып бекітілді
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Астананы газдандыру бойынша ауқымды жоба аясында елорданың 216 мыңға жуық тұрғынын қамтыған 14 мың абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Қалалық энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Күпешов жобаның жүзеге асырылу кезеңдері туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. 2023 жылы екі кезеңнің құрылысы аяқталып, Сарыарқа, Алматы, Есіл және Нұра аудандарының тұрғындарын қосуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ "Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылыту станцияларына және Ильинка, Телман, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы аяқталды.
Жылу электр станцияларындағы 16 қазандық пен 20 әлеуметтік нысан газға көшірілді. Әлеуметтік нысандарды дизельдік отыннан газға көшіру өткен жылыту маусымында 977 миллион теңге бюджетті үнемдеуге мүмкіндік берді.
Үшінші кезең аясында 2024 жылдан 2026 жылға дейін жұмыстар жоспарланған.
"Бүгінде қалада 800 шақырым газбен қамту желісі, 27 газ тарату пункті, 58 шкафтық газ тарату пункті жұмыс істейді. 216 мыңға жуық адамды қамтитын 14 мың абонент газбен қамтылған. Газдандыруға жататын халықтың жалпы саны 300 мың адамды құрайды. 12 мыңнан астам абонент газға қосылған", - деді Нұрлан Күпешов.
Жеке тұлғалар үшін газ тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап текше метріне 38,9 теңге болып бекітілді. Ауданы 100 шаршы метр болатын үй үшін газбен жылытудың құны шамамен айына 17-20 мың теңге, 120 ш.м. – айына 20-25 мың теңге.