Ақмола облысында браконьерлер жауапқа тартылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бұланды ауданында еліктерді заңсыз аулау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот жергілікті тұрғынды кінәлі деп тауып, бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
2024 жылдың 22 қазанында Макинск қаласының шетінде полиция қызметкерлері жүксалғышынан еліктердің сойылған тұтас еті табылған "ВАЗ 21214" автокөлігін тоқтатты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер малдың сойылған жері мен терісін тапты.
Тергеу барысында жануарды, 1976 жылы туған Макинск қаласының тұрғыны атқандығы анықталды.
2025 жылдың қаңтарында Бұланды аудандық соты оны заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оны дәл сол мерзімге аң аулау құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
17 қаңтарда сотта заңсыз бұлан аулаған тағы бір азаматқа қатысты іс қаралды. Астана тұрғыны да дәл осындай жазаға – 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге және дәл осы мерзімге аңшылықпен айналысуға тыйым салуға кесілді.
Браконьер Ақмолаеың полиция қызметкерлері оның Toyota Prado көлігінен бұланның тұтас етін, төрт мылтық пен 70 оқ-дәрі тауып алған кезде ұсталды.
Жаңалықтар
0