Қарағанды облысында қатты бораннан қоғамдық көлік аударылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 қаңтар— Sputnik. "Бастау-Ақтау-Теміртау" автожолында қоғамдық көлік аударылып қалды. Жол апатына қатты соққан боран себеп болған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Республикалық маңызы бар жолда Петровка ауылынан 1 шақырым жерде, "Ботақара-Қарағанды" бағыты бойынша жүріп келе жатқан №84 қоғамдық автобус аударылды. Оқиға 21 қаңтар сағат 08:54-те болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, қатты желдің салдарынан автобустың тепе-теңдігін жоғалтып аударылып кеткен. Оқиға кезінде автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға қажетті көмек көрсетіп, оларды сол бағытта қатынап жатқан көліктермен үйлеріне жеткізді", - дейді ведомство.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге көлік басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Архивное фото трассы зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Теміртауда жолдардың жабылуына байланысты терминалда жүздеген көлік тұрып қалды
Жаңалықтар
0