Маңғыстаудағы Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру өсті

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Павлодарский нефтехимический завод
Павлодарский нефтехимический завод  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. "Қаражанбасмұнай" компаниясы (50 пайызы "ҚазМұнайГазға" және 50 пайызы Қытайдың "CITIC Resources" компаниясына тиесілі) 2024 жылы 2 миллион 154 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 100,8 мың тоннаға артық. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнай мен битум сату көлемі 2 млн 75 мың тоннаны құрады. Оның ішінде ішкі нарыққа битум жеткізу 242 мың тоннаны құрады. Өткен жылы 75 жаңа ұңғыма бұрғыланып, 160 ұңғымада геологиялық-техникалық іс-шаралар жүргізілді. Бір тәуліктегі бу айдау көлемі 16,8 мың тоннаға жетті. Геологиялық-техникалық іс-шаралардың нәтижесінде қосымша 27719 тонна мұнай өндірілді.
Қаражанбас кен орнында одан әрі барлау жұмыстары жүргізілуде: 2024 жылдың маусым-тамыз айларында 19 шаршы километр аумақта жағалау бөлігінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстары және қосымша қорларды іздеу үшін 110 сызықтық км 2D зерттеулері жүргізілді.
Қаражанбас – Маңғыстау облысындағы ең ірі және ең күрделі тұтқырлығы жоғары мұнай кен орындарының бірі.
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
"ҚазМұнайГаз" өткен жылы 23,8 млн тонна мұнай және конденсат өндірді
Жаңалықтар
0