https://sputnik.kz/20250121/kredit-alganda-neni-bilu-kerek-50173203.html
Кредит алғанда нені білу керек
Кредит алғанда нені білу керек
Sputnik Қазақстан
Заң бойынша кредитке кететін ақшаның көлемі ай сайынғы табыстың жартысынан аспауы қажет 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T20:19+0500
2025-01-21T20:19+0500
2025-01-21T20:19+0500
кредит
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1e0bbd780a8d3274081a61bb3029b3d2.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредит алғысы келетін қазақстандықтарға бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Мамандар несие алмас бұрын қаржылық тәуекелдерді бағалап, саналы түрде шешім қабылдау үшін бірнеше маңызды факторды ескеру керек дейді.Қаржылық жоспарыңыз бар маБанктен кредитке ақша алмас бұрын қаржылық жоспардың жан-жақты ойластырып алған жөн."Барлық шығыстар мен кірістерді, сондай-ақ тәуекелдерді, мысалы, сырқаттану немесе басқа да себептермен жұмыстан айырылу сияқты тәуекелдерді ескеру керек. Тіпті еңбек қабілетін және жұмысты жоғалтудан сақтандыруға да болады", - дейді қаржыгерлер.Заң бойынша кредитке кететін ақшаның көлемі ай сайынғы табыстың жартысынан аспауы қажет.Кредит талаптарына мұқият болыңызБүгінде кредиттерді түрлі қаржы ұйымдары ұсынады. Ал олардың талаптары, атап айтқанда, мерзімдері мен мөлшерлемелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан барлық талапты салыстырып, ең қолайлысын таңдау қажет. Оны әрбір банктің мобильді қосымшасынан зерделеп шығуға болады."Кредит бермес бұрын банк кредит туралы барлық негізгі ақпаратты қамтитын титул парағын ұсынуы керек. Банктердің бірнеше филиалына хабарласып, бірнеше титул парағын жинап, содан кейін ең қолайлы қаржы ұйымын таңдауға болады", - дейді мамандар.Осыдан кейін менеджерге барлық қажетті сұрақты қойыңыз. Олар:Банктер кредиттің талаптары туралы толық ақпарат беруге міндетті. Ал банктік қарыз шартына қол қойғаннан кейін адам оның барлық талаптарымен автоматты түрде келіседі. Бірақ кредитті қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ресми кредиторлардан ғана ресімдеу керек.Берешекті уақтылы төлеу керекКүтпеген жағдайларды болдырмау үшін кредитті төлем күнінен 5-7 жұмыс күні бұрын төлеген дұрыс.Төлем мерзімі өтіп кетсе, не істеу керекЕгер ай сайынғы төлемді мерзімінде төлей алмасаңыз немесе төлем мерзімі өтіп кетсе, кредитордан жасырынудың қажеті жоқ.2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда қарыз алушы – жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады.
https://sputnik.kz/20241016/kredit-toleu-sharttary-zhenildetiledi--zan-zhobasy-azirlendi-47875039.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_b1c6960da3d7b170ba503340dbf19d95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит
Кредит алғанда нені білу керек
Заң бойынша кредитке кететін ақшаның көлемі ай сайынғы табыстың жартысынан аспауы қажет
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредит алғысы келетін қазақстандықтарға бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Мамандар несие алмас бұрын қаржылық тәуекелдерді бағалап, саналы түрде шешім қабылдау үшін бірнеше маңызды факторды ескеру керек дейді.
Қаржылық жоспарыңыз бар ма
Банктен кредитке ақша алмас бұрын қаржылық жоспардың жан-жақты ойластырып алған жөн.
"Барлық шығыстар мен кірістерді, сондай-ақ тәуекелдерді, мысалы, сырқаттану немесе басқа да себептермен жұмыстан айырылу сияқты тәуекелдерді ескеру керек. Тіпті еңбек қабілетін және жұмысты жоғалтудан сақтандыруға да болады", - дейді қаржыгерлер.
Заң бойынша кредитке кететін ақшаның көлемі ай сайынғы табыстың жартысынан аспауы қажет.
Кредит талаптарына мұқият болыңыз
Бүгінде кредиттерді түрлі қаржы ұйымдары ұсынады. Ал олардың талаптары, атап айтқанда, мерзімдері мен мөлшерлемелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан барлық талапты салыстырып, ең қолайлысын таңдау қажет. Оны әрбір банктің мобильді қосымшасынан зерделеп шығуға болады.
"Кредит бермес бұрын банк кредит туралы барлық негізгі ақпаратты қамтитын титул парағын ұсынуы керек. Банктердің бірнеше филиалына хабарласып, бірнеше титул парағын жинап, содан кейін ең қолайлы қаржы ұйымын таңдауға болады", - дейді мамандар.
Осыдан кейін менеджерге барлық қажетті сұрақты қойыңыз. Олар:
Қарыз сомасы, төлем мерзімі мен мөлшері қандай?
Комиссиялар, барлық пайыздар мен төлемдермен бірге кредиттің толық құны қаншаға шығады?
Артық төлем мөлшері қалай болады?
Төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда не болады?
Банктер кредиттің талаптары туралы толық ақпарат беруге міндетті. Ал банктік қарыз шартына қол қойғаннан кейін адам оның барлық талаптарымен автоматты түрде келіседі. Бірақ кредитті қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ресми кредиторлардан ғана ресімдеу керек.
Берешекті уақтылы төлеу керек
Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін кредитті төлем күнінен 5-7 жұмыс күні бұрын төлеген дұрыс.
"Несиені мерзімінен бұрын өтеу ақшаны үнемдейді, өйткені банк клиенттері қарыз қаражатын пайдалану уақыты үшін де ақша төлейді. Кредитті мерзімінен бұрын төлеген уақытта операцияның сәтті өткеніне көз жеткізіңіз. Осыдан кейін банктен растайтын анықтама алыңыз", - деп атап көрсетті қаржыгерлер.
Төлем мерзімі өтіп кетсе, не істеу керек
Егер ай сайынғы төлемді мерзімінде төлей алмасаңыз немесе төлем мерзімі өтіп кетсе, кредитордан жасырынудың қажеті жоқ.
2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда қарыз алушы – жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады.