Көлікті 5 минуттан артық жылытуға болмайды: экология министрі өз ойын айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистр экологии и природных ресурсов Казахстана Ерлан Нысанбаев
Министр экологии и природных ресурсов Казахстана Ерлан Нысанбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Жазылу
Жол ережесіне сәйкес, қыста көлікті жылыту үшін 5 минуттан артық қозғалтқышты қосып тұруға болмайды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Нұрлан Нысанбаев оталып тұрған көлікті жылыту үшін 5 минуттан артық тұрғызбауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол ережесіне сәйкес, қыста көлікті жылыту үшін 5 минуттан артық қозғалтқышты қосып тұруға болмайды. Ол үшін 5 айлық есептік көрсеткіш – 19 660 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл норма бұрыннан бері бар. Бірақ полиция биылдан бастап айыппұл сала бастады.
"Экология мәселесі тұрғысынан қарағанда ондай шараның болғаны дұрыс деп санаймыз. Енді көлікпен бұрыннан бері жүреміз ғой. Сондықтан кез келген солтүстік аймақта көлікті жылыту үшін 5 минут жеткілікті деп айта аламын. Ал экологиялық зиянын Алматы қаласынан анық байқауға болады. Ол жақта шамамен 630 мың көлік тіркелген. Бұдан бөлек, күнде 400 мың көлік кіреді. Ондайда қысқы уақытта ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар көп болады. Ал көлікті тағы бес минуттан артық қыздырса, зиянды қалдықтардың көлемі арта түседі", - деді Нысанбаев бүгін үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда министр бүгін өз көлігін далада қалдырып, ертең бес минуттың ішінде жылытып көретінін де жеткізді.
Жаңалықтар
0