https://sputnik.kz/20250121/astana-auezhayynda-reyster-keshigip-zhatyr-50155816.html
Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар— Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына және техникалық қызмет көрсетуге байланысты Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы 21 қаңтарда жергілікті... 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T11:37+0500
2025-01-21T11:37+0500
2025-01-21T11:37+0500
астана
әуежай
https://sputnik.kz/img/292/73/2927360_0:79:1501:923_1920x0_80_0_0_9c5995e4de5e4c8446486d465be1655f.jpg.webp
АСТАНА, 21 қаңтар— Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына және техникалық қызмет көрсетуге байланысты Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 8:33-тен 10:33-ке дейінгі кезеңге уақытша жабылды, деп хабарлады баспасөз қызметі. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарды шығару үшін әуеайлақта 10 техника жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің алтауы кешіктірілді, ал ұшып келуі керек 68 рейстің 14-і кешігіп жатыр. Ұшақтардың кешігуі ауа - райына және аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сондай-ақ әуежай әкімшілігі жолаушыларға соңғы ақпараттар туралы әуежай сайтынан қарап отыруды ескертті. "Әуежайдың ресми www.nn-airport.kz сайтында рейстердің жай-күйі және кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпаратты ала алады немесе тәулік бойы байланыс орталығының 8 (7172) 702-999 телефоны бойынша біле алады", - деп жазды ведомство. Айта кетейік, 22-23 қаңтарда солтүстікте және Астанада жауын-шашын болып, ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Ауа райының қолайсыздығы Қазақстанның басқа өңірлерінде де болады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/292/73/2927360_82:0:1417:1001_1920x0_80_0_0_c3099eb02e9f8cd5d42a9079bd8705df.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әуежай
Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр
АСТАНА, 21 қаңтар— Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына және техникалық қызмет көрсетуге байланысты Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 8:33-тен 10:33-ке дейінгі кезеңге уақытша жабылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарды шығару үшін әуеайлақта 10 техника жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің алтауы кешіктірілді, ал ұшып келуі керек 68 рейстің 14-і кешігіп жатыр. Ұшақтардың кешігуі ауа - райына және аэродромға техникалық қызмет көрсетуге байланысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ әуежай әкімшілігі жолаушыларға соңғы ақпараттар туралы әуежай сайтынан қарап отыруды ескертті.
"Әуежайдың ресми
www.nn-airport.kz сайтында рейстердің жай-күйі және кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпаратты ала алады немесе тәулік бойы байланыс орталығының 8 (7172) 702-999 телефоны бойынша біле алады", - деп жазды ведомство.
Айта кетейік, 22-23 қаңтарда солтүстікте және Астанада жауын-шашын болып, ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Ауа райының қолайсыздығы Қазақстанның басқа өңірлерінде де болады.