Зейнетақыға қосылған ақша инфляциядан неше процентке асты

© Sputnik/Ертай СарбасовДом престарелых
Дом престарелых - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жылдан бастап зейнетақыға қосылған ақшаның инфляциядан неше процентке асқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.
"2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады", - дейді министрлік мамандары.
Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылып, 32 360 теңгені құраса, жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгеге жетті.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлердің саны 2 млн 451 мың адамды құрады. Ал 2024 жылдың соңында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңге болды. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге.
Айта кетері, былтыр Қазақстанда жылдық инфляция 8,6 процент болды.
Жаңалықтар
0