Солтүстік Қазақстанда криптовалютамен айналысқандар сотталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСтеллажи с фермами для майнинга криптовалют.
Стеллажи с фермами для майнинга криптовалют. - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
Олардан 215 млн теңгенің көлігі, 150 млн теңге тұратын жылжымайтын мүлік тәркіленді
АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығарған үш адам сотталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген.
"Схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден асады. 380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасаған", - дейді ведомство.
Сот үш күдіктіні 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
"Құны шамамен 400 млн теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге тұратын жылжымайтын мүлік бар. Сондай-ақ жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар тәркіленді", - дейді агенттік.
Мұндай құрылымдардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.
Айта кетері, осындай схемалар арқылы былтыр есірткіден 10 миллиард теңге табыс алынған.
Жаңалықтар
0