Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша президенттігіне үміткер Украинаның ЕО-ға кіруі туралы айтты

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Украинамен қарым-қатынаста және оның еуропалық мақсаттары аясында Польша ең алдымен өзінің ұлттық мүдделерін басшылыққа алуы керек, деп мәлімдеді оппозициялық "Құқық және әділдік" партиясынан президенттікке кандидат Кароль Навроцкий "Sieci" апталығына берген сұхбатында, деп жазды РИА Новости.
"Украинаның интеграциясы жағдайында мен тек поляк мүдделерін басшылыққа аламын. Польша он жылдай уақыт бойы ЕО ережелеріне бейімделіп келді, сондықтан Украинаның жолын қысқарту әділетсіздік қана емес, сонымен қатар Польша экономикасының көптеген салаларына қауіп төндіреді. Бұл астық нарығында қалай болғанын көрдік. Жақында премьер-министр Туск мәлімдегендей, Украинаның ЕО-ға қосылуы "сөзсіз" болуы мүмкін емес. Мен Польша экономикасы қорғалып, Польша пайда көретіндей шарттарды қояр едім", - деді Навроцкий.
Бұған дейін Навроцкий Волыньдағы геноцид және құрбандарды эксгумациялау мәселесі шешілмейінше, Украинаны ЕО мен НАТО-ға кіруінің екіталай екенін айтқан.
"Мен біртұтас Еуропада одақтасы 120 000 көршісіне қарсы жасалған геноцид қылмысы үшін жауап бере алмайтын жағдайдың болуы мүмкін емес деп нақты айттым. Бұл мәселені шешуге украиналық ниеттің жоқтығы, Польшаның көрсеткен үлкен көмегіне қарамастан бізге серіктес ретінде қарамауы, бұл біздің Отанымыздың абыройы үшін қолайлы нәрсе емес", - деді ол.
2017 жылы Украина Волынь қырғыны болған жерде іздеу және эксгумация жұмыстарын жүргізуге мораторий енгізді.
Жаңалықтар
0