https://sputnik.kz/20250120/biyl-7-eldi-mekenge-gaz-tartylady-50118524.html
Биыл 7 елді мекенге газ тартылады
Биыл 7 елді мекенге газ тартылады
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 62%-ке артады 20.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-20T10:22+0500
2025-01-20T10:22+0500
2025-01-20T10:22+0500
газ
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_675ec334e9da6ea5771cceb2d8d11319.jpg
АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Биыл 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жоба жүзеге асады. Оған 65,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады энергетика министрлігі.Нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 62%-ке артып, 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.Биыл "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады. Ұзындығы 302 км магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда. Нәтижесінде Жетісу облысының 66 елді мекенінде 124 мың адамды газбен қамтамасыз етіледі."Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды. 2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.Айта кетейік, былтыр президенттің тапсырмасымен 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e6a0c07e1c644bf12150fda4ac14945a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Биыл 7 елді мекенге газ тартылады
Нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 62%-ке артады
АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Биыл 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жоба жүзеге асады. Оған 65,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 62%-ке артып, 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.
"Былтыр желтоқсанда Үкімет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарлық газға (24% дейін) жеңілдік түрінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бұл 6000-нан астам адамды қамтиды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша аталған тетік бүкіл ел бойынша енгізіледі", - дейді ведомство.
Биыл "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады. Ұзындығы 302 км магистральдық газ құбырының құрылысы жалғасуда. Нәтижесінде Жетісу облысының 66 елді мекенінде 124 мың адамды газбен қамтамасыз етіледі.
"Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды. 2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Айта кетейік, былтыр президенттің тапсырмасымен 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.