Банктер мен ақша айырбастау пункттері филиалдардағы қауіпсіздікті күшейтеді

© AFP 2024 / TED ALJIBEАқша айырбастау пунткі
Ақша айырбастау пунткі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
"Қазпоштаға" да өз филиалдарын сәйкесінше жабдықтау үшін бес жыл мерзім берілді
АСТАНА, 20 қаңтар— Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі жаңа талаптар енгізді, оған сәйкес банктер мен айырбастау пункттері екі жыл ішінде өз филиалдарының қорғаныс деңгейін арттыруы тиіс.
"Бұл өзгерістер белгілі бір нормативтік құқықтық актілерді (кассалық үй-жайларға қатысты) үй-жайларды тонау және оларға заңсыз кіру қауіптерінен қорғаудың қолданыстағы әдістерін белгілейтін ұлттық және мемлекетаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру аясында жасалды", - деп жазылған мәлімдемеде.
Мысалы, кассаларда арнайы санаттағы шыны, әрбір касса кабинасында қызметкер үшін кіре берісте құлып пен темір есік орнатылуы керек.
Бұл ережелер Қазпоштаға да қатысты – Ұлттық банк пошта бөлімшелерінің кассаларын жаңа талаптар бойынша жабдықтауға 5 жыл уақыт берді.
Доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері арқылы жалған доллар сатылды
Жаңалықтар
0