Алматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді

© Photo : Алматы әкімдігіАлматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді
Алматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қаңтар — Sputnik. Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан сүрілді, деп хабарлады қала құрылысы бақылау басқармасы.
Заңсыз нысан Черновицкая көшесінде орналасқан.
"Меншік иесі жеке тұлға, құрылысқа рұқсат құжаттары болмаған. Сәулет жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарлама жасамаған", - дейді ведомство.
Заңсыз құрылыс туралы тұрғын шағым айтқан. Жауапты мекеме жоспардан тыс тексеруге кіріскен.
© Photo : Алматы әкімдігіАлматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді
Алматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Алматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй сүрілді
Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарған.
Нысанды бұзуға меншік иесі ерікті түрде келіскен.
Жаңалықтар
0