Алматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылында үш жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады. Салдарынан 530 оқушы такси жалдап, басқа мектепке барып білім алуға мәжбүр. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
Алматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана Дайырова
Белбұлақ ауылындағы мектептің іргесі 1965 жылы қаланған. Мектеп басшылығы 8 жыл бойы мектепті күрделі жөндеуден өткізу керектігін айтып, қайта-қайта тапсырыс беріп жүріп, жөндеуген қолдары әрең жеткен. Бірақ қуанышы ұзаққа бармай, жөндеуге жабылған мектеп мүлдем ашылмай қалады.
"Балаларымыз ит арқасы қияндағы мектепке барып сабылып жүр. Олар сабақтан келгенше жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Таксиге қаншама ақша кетеді. Басқа бір мектепке барып оқып жатыр. Бөлмелері қуықтай. 15 мың таксиге төлейміз. Мектептің тасымалына кішкентай ғана автобус берген. Ол балаларды алысқа тастап кетеді. Үйге түнделетіп әрең жетеді", - дейді Белбұлақ ауылының ата-аналары.
Мектепті жөндеуді бас мердігер "Шебер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мойнына алған. Ал жөндеу жұмыстарына қосалқы мердігер "Lendle buildings" серіктестігі тартылған. Бұлар мектептегі жөндеуді өз қаражатына жүргізген.
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
Алматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана Дайырова
"Біз істеген ақшамызды ала алмай жүрміз. "Шебер" серіктестігі қашып жүр. Не кеңсесі жоқ, не заңды тіркелген жері жоқ. Кімге барарымызды білмей отырмыз. Осы уақытқа дейін "Шебер" серіктестігінің басшылығы алты рет ауысқан", - дейді қосалқы мердігер "Lendle buildings" серіктестігі.
Бұл серіктестіктің құрылысшылары жарты жылдан бері еңбекақы алмаған. Ашуға берілген кейбірі құрылысты қиратып кетуге дейін барғалы отыр. Айтуларынша, мектептегі құрылыс заттары ұрланып, тоналып біткен.
"Білім бөлімі мен әкімдік біз сіздермен келісімшарт жасаған жоқпыз, бас мердігер "Шебер" серіктестігін тексеріп жатырмыз дейді. Біз кімге барарымызды білмей далада қалып қойдық. Қосымша 130 млн теңге өз ақшамызға жұмыс істедік. Оны ешкімнен өндіре алмай отырмыз", - дейді мектепке күрделі жөндеу жүргізген қосалқы мердігер "Lendle buildings" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Талғар ауданының әкімдігі бас мердігермен келісімшартты біржақты бұзып, қосалқы мердігермен жұмыс істесе болады, дейді құрылысшылар. Өйткені Қонаев қапласында да дәл осындай проблема болып, мәселе оңынан шешілген. Бірақ талғарлық әкімдік заңға сүйеніп, бұндай қадамнан бас тартып отырған көрінеді.
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
Алматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана Дайырова
"Егер бұл мәселені әкімдік оңынан шешіп бермесе, айыппұл төлесек те жолды жабамыз. Белшемізден қарызға батып, бала-шағамызды бағудан қалдық. Болмаса мектептің құрылысын бұзамыз", - дейді құрылысшылар.
Негізі бұл мектеп былтыр мамыр айында пайдалануға берілуі керек болған. Қазіргі директоры жағдайымыз тамаша, қиналып жатқан жоқпыз, бұл мектеп салынсын, салынбасын білімсіз қалып жатқан жоқпыз дейді.
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
1/5
© Айдана Дайырова
Алматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
© Айдана ДайыроваАлматы облысында 3 жыл бұрын жөндеуге жабылған мектеп әлі күнге ашылмады
2/5

3/5

4/5

5/5

Қысқасы, Белбұлақ ауылындағы жабылып қалған мектептің мәселесі жуық арада шешілер түрі жоқ. Салдарынан 530 астам бала ат арытып алыстағы мектепке баруға мәжбүр. Айтпақшы мектеп жұмыс істеп тұрған кезде мұнда 700 бала оқыған. Соның 170-і қазір тарам-тарам болып, жайлы мектеп іздеп басқа мектепті жағалап кеткен.
Айта кетері, бұл – үш жылға жуық ашылмаған Талғар ауданындағы екінші мектеп. Нұра ауылында да жөндеуге жабылып, қайта ашылмаған тағы бір мектеп бар. Салдарынан 1100-ден астам оқушы мәдениет үйі мен әкімдікте оқып жатыр. Бұл мектепке де құрылыс жүргізуге уәде берген "Шебер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен.